Ибадуллаева Рая Серікбайқызы
Ибадуллаева Рая Серікбайқызы
1970 жылы 9 шілдеде Отырар ауданы, Балтакөл ауылында туып өскен. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепті 1987жылы бітіріп, Алматы Әлем тілдері университетінің шет тілі мамандығын алған.
1991-1995 жылдары аралығында «Қожатоғай» елді мекеніндегі А.Иманов атындағы жалпы орта мектепте шет тілі пәнінің мұғалімі, 1995-1997 жылдары Түркістан қаласы №16 Т.Бигельдинов атындағы орта мектепте ұстаздық еткен.
1999 - 2008 жылдар аралығында қалалық білім бөлімінде шет тілдері пәнінен бас маман, ізгілікті пәндер бойынша әдіскері болып жұмыс жасаған. 2008 жылдың 15-ақпанынан бастап №6 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектептің директоры қызметін атқарған. Атқару барысында көне мектеп ғимаратын 300 орындық жаңа мектептке айналдыруға жұмыс жасаған. Мектептің ҰБТ сапасын 48-ден 95,7-ге көтерген. Оқу сапасын көтеру барысында әдістемелік жүйе қалыптастырып, нәтижеге бағыттаған. Мектепте Батыр қыз атына мұражай ашылып, қоладан құйылған алып ескерткіші және оның майдандас достарына арнап «Мәңгілік Ел», «Ел боламын десең бесігіңді түзе» композицияларын орнатуға бастамашыл болды. Мектептің «Мектебім киелі мекенім», «Ұстаз ұлағаты», Кеңес Одағының Батыры М.Мәметованың 100 жылдық мерейтойы ХҚТУ-да «Ерлікке тағзым» айдарында ұйымдастырылып, «Өмір өнегелері» - жер бесіктен жел бесікке дейінгі ұлттық салт-дәстүр, ырым-тыйымдар мен өмірлік өнегелер өрнектелген кітап мектептің шығармашылық ұжымын шығармашылыққа бағыттаған көшбасшы.
2023жылдың 16 қаңтары, №20 бұйрығы негізінде ҚР Еңбек Кодексінің 11-бабына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылы 11 қарашадағы №559 бұйрығына Түркістан Облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылғы мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын ротацаиялау туралы хаттамалық шешіміне сәйкес «С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі» КММ-нің директор қызметіне ротациялау тәртібімен тағайындалған. Мектеп басшысы оқу сапасы мен ҰБТ мәселелерін ерекше қолға алып – бейімділігіне қарай қосымша сабақтар ұйымдастырылып, білікті мамандарды жұмылдырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті. Атап айтқанда, 81ұпайдан 89,75 ұпайға көтерілді. Жыл сайын білім алушылардың «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерінің ақтап шығуына елеулі үлесін қосып, жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, 2023жылмен салыстырғанда 25%-ға өсім жасалды.
«Адал Азамат, біртұтас тәрбие» жобасы аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қала бойынша 3жыл көлемінде қылмыспен тіркелген бала жоқ. Қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің 130жылдық мерейтойы қала көлемінде ХҚТУ-де ұйымдастырылды. Мерейтой барысында мектеп ардагерлері, түлектері мен педагог саласындағы студенттер, ҚББ қарасты тәрбие ісінің орынбасарлары мен тәлімгерлері қатыстырылды. Шара барысында мектеп ұжымының шығармашылық ізденістеністерінің арқасында «Өмір өнегелері» атты педагогтердің өмір өнегелерімен астасқан кітабының тұсаукесерінде мектебіміздің іргетасын қалаған «Парасат» орденінің иегері Ж.Құлбайымбетов және қала әкімінің орынбасары мен қалалық мәслихат депутаттары атсалысты. Мектеп-лицей директоры Р.С.Ибадуллаева қалалық білім бөліміне қатысты педагогтердің қолдауымен 7-шақырылымының қалалық мәсмлихат депутаты қызметін үлкен белсенділікпен, ұстаздар мен медицина қызметкерлеріне қамқорлық пен жауапкершілік танытты.
Біліктілік санаты бойынша :
Республикалық «Daryn Teacher» ізділікті ұстаздар қауымдастығымен бірлескен «Білім берудегі дамыған елдің озық әдістері мен тәжірбиесін меңгеру» 09-23.09.2024ж.
Республикалық Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық біліктілік арттыру орталығы «Жаңартылған білім беру аясындағы педагогикалық менеджмент» 30.03.2022ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» 31.05.2022ж.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Жан басына қаржыландыруға өту жағдайындағы инновациялық менеджмент» 21.10.2022ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Бірге басқарамыз» Қаңтар,2023ж.
«Орта білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу: мазмұны мен рәсімдеу» 25.01.2024ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Балалардың қауіпсіздігі және жалпы инклюзия»
11.11.24ж.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» «Серіктестік қатынастарды құру стратегиялары: мектеп, ата-ана, қоғам» 12.11.2024ж.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» «Білім беру ұйымының клиентке бағытталған сервисі» 13.11.2024ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Білім беру ұйымының клиентке бағыттарған сервисі» 13.11.24ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Мектепті тиімді басқаруды мониторингілеу: мектеп табысының негізгі көрсеткіштерін қалай анықтауға және өлшеуге болады» 22.11.24ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Тиімді комуникация және келіссөз жүргізу өнері» 29.11.24ж.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» «Мектеп менеджменті: аспектілері және басқару әдістері» 14.11.2024ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Көшбасшының жеке және кәсіби бренді. Жеке көшбасшылық брендпен имиджді қалыптастыру стратегиясы» 14.11.24ж.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» «Мектеп командасының кәсіби құндылығын арттырудағы икемді дағдылар (soft skills)» 29.11.2024ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Қаржыгер емеске қатысты қаржы» 02.12.24ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Білім беру ұйымының басқаруға арналған оқу компьютерлік симулятор» 04.12.24ж.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы «Еңбек қатынастары. Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» 05.12.24ж.
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлтты ғылыми-практикалық инситуты» коммерциялы емес акционерлік қоғамы «Орта білім беру ұйымдарында кәмелеттке толмаған балалар арасында суицидтің алдын алу» 26.05.2026ж.
ТЖ бөлімі «Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» 10-13.03.2026ж.
2023жыл 29тамыз №287 бұйрығы негізінде Біліктілік санаттарын беру бойынша аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес «Басшы-менеджер» біліктілік санаты лауазымы бойынша берілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің «Құрмет» грамотасымен, мол жылдық нәтижелі қызметі үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталған. Қазақстан Республикасының білім саласына үлес қосқан еңбегі, басшылық міндетті жоғары дәрежеде атқарғаны үшін «1дәрежелі Білікті басшы» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы өнер мен білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Үздік педагог», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер», «Түркістан қаласының Құрметті азаматы» төсбелгілерімен, Қазақстандық салалық, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Құрмет» грамотасымен және түрлі байқаулар мен мерекелік іс шараларға орай Республикалық, Облыстық, Қалалық мақтау қағаздарымен марапатталған.